RU

2020 жылы миллиондаған смартфонда WhatsApp істен шығады

Әйгілі WhatsApp мессенджері 2020 жылдың басынан бастап әлем бойынша миллиондаған құрылғыда қызметін тоқтатады. Атап айтқанда, Windows Phone, iOS-тың 9.0 нұсқасына дейінгі және Android-тың 4.0.3 нұсқасына дейінгі құрылғыларында мессенджердің қызметі толық тоқтатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Компанияның мәліметінше, Windows Phone операциялық жүйесіндегі смартфон қолданушылары 2019 жылғы 31 желтоқсаннан кейін желіден ажыратылады. Мессенджерді қолдану үшін оларға платформаны ауыстыруға тура келеді.

Бұған дейін Daily Mail басылымы жазғандай, Microsoft компаниясы осы мәселеге орай өз қолданушыларын iOS немесе Android операциялық жүйелеріне көшуге шақырған.

Белгілі болғандай, Microsoft компаниясы да 31 желтоқсанда Windows 10 Phone OS құрылғысын қолдауды тоқтатады.

Басылымның есебі бойынша, қолданушылардың басым бөлігі заманауи бағдарламалық жасақтамаларды пайдаланғанына қарамастан, әлем бойынша миллиондаған құрылғы мессенджер қызметінен ажыратылады.

Осыған байланысты пікір білдірген WhatsApp бұндай қадамға баруларына жоғарыда аталған платформалардың қосымшаға енгізіліп жатқан жаңашылдықтарды тұрақты пайдалануға қауқарсыз екендігімен түсіндіреді.

Осылайша, компания адамдардың жақындарымен кез-келген қашықтықта байланыста болуы үшін қосымшаның барлық функцияларының толыққанды және сапалы қызмет етуін қамтамасыз етуге тырысады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831199-2020-zyly-milliondagan-smartfonda-whatsapp-isten-sygady.html