RU
Чехияда белгісіз адам ауруханада атыс шығарып, алты адам қаза болды

Чехияда белгісіз адам ауруханада атыс шығарып, алты адам қаза болды

Рассказать Вконтакте

Чехияның Острава қаласындағы ауруханада белгісіз адам оқ жаудырып, оқиға салдарынан алты адам көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Чехия полициясы

Фото: Чехия полициясы

Қаралы оқиға бүгін таңертеңгі уақытта болған. Алдын-ала мәлімет бойынша қызыл күртке киген орта жастағы белгісіз адам ауруханаға кіріп, науқастар мен қызметкерлерге оқ жаудырған.

Полиция қызметкерлері бойы шамамен 180 см болатын, қызыл күртке киген ер адамға іздеу салған. Атыс болған аймақтан бірнеше адам эвакуацияланды.

Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Аурухананың аумағы толық қоршауға алынған.

Төтенше жағдай болған аймаққа ішкі істер министрі Ян Камачек пен Денсаулық сақтау министрі Адам Войтехтің аттанғаны хабарланды. Сондай-ақ, Чехияның үкімет басшысы да қайғылы оқиға болған жерге қарай бет алған.

Чехия премьер-министрінің сөзінше, аурухананың күту залында отырған науқастар атыс құрбаны болған. Залда кезек күткендер көп болмапты. Дегенмен, жарақат алғандар да бар.

"Мен бүгінге жоспарланған барлық бағдарламаны болдырмауды шештім, ІІМ және денсаулық сақтау басшыларымен байланыста отырмын. Қазір Остраваға бағыт алдым. Әзірге республиканың Қауіпсіздік кеңесін шақыруға дәлел көріп тұрған жоқпын", - деді елдің премьер-министрі Андрей Бабиш.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel