RU

Садриддин Ахмедов "жылдың үздік нокауты" марапатына ие болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) "жылдың үздік нокауты" марапатына ие болуы мүмкін. Бокс әлеміндегі канадалық сарапшы Филипп Сен-Мартен осындай пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Садриддин Ахмедов. Фото: prosports.kz

Садриддин Ахмедов. Фото: prosports.kz

Бокс сарапшысы Vesti.kz басылымына берген сұхбатында қазақстандықтың соңғы жеңісіне қатысты ойын айтып, оның басым тұстарын атады.

"Қазақстандық боксшының кезекті естен тандыратын нокауты. Менің ойымша, бұл "жылдың үздік нокауты" болуы мүмкін. Аргентиналық боксшының мүмкіндігі болмады. Бұған дейін мықты боксшылармен жұдырықтасқанына қарамастан, қазақстандықпен болған жекпе-жекте ол оңбай таяқ жеді.
Садриддин – керемет боксшы. Рингте ол жыртқыш секілді әрекет етеді. Көрермендер үшін әсерлі бокс көрсету үшін ол бәріне дайын. Өз қарсыластарынан басым екені сөзсіз. Соңғы жеңісі оның жаңа деңгейге өтетін уақыты келгенін көрсетеді", – деп мәлімдеді Сен-Мартен.

Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінің шеңберінде Садриддин Ахмедов 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен қолғап түйістірді.

Он раундқа есептелген жекпе-жекте отандасымыз қарсыласын жетінші раундта нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін әлі жеңіліп көрмеген Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ боксшы 10 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған..

Қазіргі уақытта Ахмедов – бірінші орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша "жастар" чемптоны титулының иегері.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Садриддин Ахмедов "жылдың үздік нокауты" марапатына ие болуы мүмкін
Mailfire view pixel