RU
Ғалымдар алкоголь қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттыратынын дәлелдеді

Ғалымдар алкоголь қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттыратынын дәлелдеді

Рассказать Вконтакте

Алкогольді аз мөлшерде тұтынудың өзі қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттырады. Жапония мен АҚШ-тың бірлескен ғылыми тобы осындай шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғалымдар Жапониядағы 33 аурухананың 2005-2016 жылдар аралығындағы клиникалық мәліметтерін зерттеп шықты.

Олар жалпы онкологиялық ауруларға шалдыққан 63,2 мың науқастың және осыншама дені сау еріктілердің денсаулығына байланысты мәліметтерді сараптамадан өткізді. Зерттеуге қатысқандардың барлығы қандай мөлшерде және қанша уақыт бойы алкогольді ішімдік ішкендерін айтып берген.

Нәтижесінде алкогольді ішімдік ішпейтін адамдардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі төмен болып шыққан. Ал ішімдікті аз немесе орташа мөлшерде тұтынатындардың онкологиялық дертке шалдығу қаупі елеулі түрде жоғары екені анықталды.

Осылайша, он жыл бойы күніне бір немесе бес жыл бойы күніне екі алкогольді сусын ішу тік ішек, асқазан, кеуде, простата немесе өңештің қатерлі ісігіне және басқа да онкологиялық ауруларға шалдығу қаупін 5 пайызға арттыратыны белгілі болды.

"Бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруларының кең таралуына байланысты алкогольдің аталған дертті қоздыру қаупін барынша насихаттау қажет", – деп мәлімдеді Токио университетінің медицина ғылымдарының докторы Масаеши Заицу.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel