RU

БАҚ: Белгілі ресейлік әзілкеш өзінен 40 жас кіші аруға үйленді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жуырда 74 жастағы ресейлік әзілкеш Евгений Петросян 34 жастағы көмекшісі Татьяна Брухуновамен АХАЖ-да ресми түрде некесін қиғаны белгілі болды. Бұл жаңалыққа қатысты әзілкештің бұрынғы жұбайы Елена Степаненко пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: versiya.info

Коллаж: versiya.info

Бұрынғы жұбайлардың арасында әлі күнге дейін сот болып жатыр. Бұрынғы жұлдызды жұп мүлікті бөлу мәселесін шеше алмай келеді.

Осы тұста Super.ru басылымының тілшілері Елена Степаненкодан Евгений Вагановичтің жаңа некесі жайында пікір сұрады.

Эстрада жұлдызы БАҚ өкілдерімен сұхбатында қысқа да нұсқа жауап берді. Ол үйлену той жайлы ештеңе білмейтінін айтты. Бірақ, Петорсянның бұрынғы жары егер бұл жаңалық рас болса, жаңа жанұяға бақыт тілейтінін мәлімдеді.

Ал Татьянаның өзі журналистермен тілдескісі келмей, телефон тұтқасын тастай сады.

Қазір әзілкештің жас әйеліне Instagram желісінде хейтерлер шабуыл жасап жатыр.

Евгений Петросянның көмекшісіне йленгенін жұптың жақын адамдарының бірі хабарлаған. Бірақ бұл ақпарат әлі де ресми түрде расталған жоқ. Тек жұбайлардың жеке өмірін жасырын ұстағысы келетіні белгілі.

Айта кетейік, Татьяна Брухунова Тула қаласының тумасы. Алғашында ол Мәскеуге көшіп келіп, Елена Степаненконың сайтында жұмыс істеген. Кейіннен Евгений Петросян театрының жетекшісі қызметіне дейін өскен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Белгілі ресейлік әзілкеш өзінен 40 жас кіші аруға үйленді (фото)
Mailfire view pixel