RU

Энн Хэтэуэй екінші сәбиін дүниеге әкелді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал америкалық актриса Энн Хэтэуэй мен оның 38 жастағы жолдасы Адам Шульманның екінші балалары өмірге келді. Жағымды жаңалық туралы ерлі-зайыптылар ресми мәлімдеме әлі жасаған жоқ. Дегенмен олар бірер күн бұрын ел көзіне түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/annehathaway. Коллаж: KAZ.NUR..KZ

Фото: Instagram/annehathaway. Коллаж: KAZ.NUR..KZ

Желіде тараған кадрлардан үлкен ұлын жетектеген актриса мен қолына кішкентай нәрестеге арналған арба ұстаған Адам Шульманды байқауға болады.

Энн Хэтэуэйдің екінші сәбиіне аяғы ауыр екені шілде айының соңында белгілі болды. Бұл туралы әлемдік жұлдыздың өзі жеке парақшасында хабарлады.

Сонымен қатар актриса әрең дегенде бала көтергенін де жасырмады.

Айта кетейік, Энн Хэтэуэй мен Адам Шульман 2012 жылы отбасын құрған. Жұлдызды жұптың тұңғыштары 2016 жылы наурыз айында дүниеге келді. Актриса сүйіктісіне Джонатан есімді ұл бала сыйлаған.

Әзірге олардың екінші сәбиі туралы ресми ақпарат жоқ. Оның қашан дүниеге келгені, ұл бала ма әлде қыз бала ма ол жағыда белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жұлдызды Жанболат пен Жазираның 22 жылдан кейін қызды болғанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Энн Хэтэуэй екінші сәбиін дүниеге әкелді (фото)
Mailfire view pixel