RU

"Ұлттық тестілеу орталығы" басшысының бұрынғы орынбасары 7 жылға сотталды

"Ұлттық тестілеу орталығы" басшысының бұрынғы орынбасары Дархан Жақсыбековке қатысты сот үкімі шықты. Экс-шенеунік жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Оның сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыс жасағаны дәлелденген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Білім және ғылым министрлігінің шенеунігіне қатысты сот Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Байқоңыр аудандық сотының биылғы 9 желтоқсанда шығарған үкіміне сәйкес, сотталушы Жақсыбековты қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қазақстан заңнамасының ережелеріне сәйкес, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Дархан Жақсыбеков қатысты тергеу жүргізген болатын. Ведомство қызметкерлері сотталушының пара алғанын дәлелдейтін нұсқаны пысықтап шықты.

Құқық қорғау органының мәліметінше, 8,8 млн теңгеге бағаланған Toуota Camry автокөлігін Жақсыбековке "ProBusineSS.kz" ЖШС директоры Панкеев берген.

Бұл "сыйлық" шенеунікке еліміздің өңірлерінде Біріңғай ұлттық тестілеу өткізу бойынша қызмет көрсету кезінде аталған кәсіпорынның мүдделерін қорғау үшін берілген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831246-lttyk-testileu-ortalygy-bassysyny-bryngy-orynbasary-7-zylga-sottaldy.html