Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!": Депутаттың жаңа кітабы қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Елорда мәслихаты депутаты, "Қазақ қызы" мәдени-инабаттылық қыздар институтының негізін қалаушы Қарақат Әбден "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет" атты жаңа кітабын шығарды. Бірақ, қоғам әдеби шығармаға түрлі көзқарас танытты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Заманауи әдебиеттегі жаңа туындының тұсаукесері ел астанасында 5 желтоқсан күні өтті.

Автордың айтуынша, "Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет" деп аталатын туынды жасөспірімдер арасында танымалдылыққа ие болады. Себебі, Қазақстанда тиісті әдебиеттер жеткіліксіз.

Әбденнің сөзінше, оның туындысы қазақ қыздарына "өз ерекшеліктері мен қайталанбас өзгешеліктерін" сақтауға көмектеседі. Одан бөлек, депутат еңбегінің арқасында жас қазақстандық азаматшалар көпғасырлық дәстүрлер мен салттарды сақтай отырып, заманауи әлемде өмір қалыптастырудағы қиындықтан құтылады.

Сондай-ақ, Қарақат Әбден Қазақстанда осы тектес әдебиеттер болмағанын тілге тиек етті. Ол шыққан дананың бір бөлігі ауыл мектептеріне тегін таратылатынын мәлімдеді.

Авторды Facebook парақшасында көпшілік құттықтап жатыр. Дегенмен, бюджет қаражатының есебіне шығарылған еңбектің мазмұнына көңілі толмағандар да баршылық.

Мәселен, қазақстандық әйелдер құқығы үшін күресіп жүрген алматылық Фариза Оспан есімді журналист туындыға аса қатты таңданбағанын айтады.

Сондай-ақ, ол кітапты шығаруға қанша қаражат жұмсалғанына қызығушылық танытты. Себебі, Қарақат Әбден негізін қалаған институт бюджет есебінен қаржыландырылады. Тек осы жылдың өзіне оған 17,5 млн теңге бөлінген.

"Санаған сәтте қолым дірілдеді. Мен үнемі ақшаны қажет ететін дағдарыс орталықтары туралы, олардың аздығы туралы, қаржыландырудың жоқтығынан жабылатын әлеуметтік жобалар туралы ойладым",- деп жазды ол Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, журналист институт қызметі туралы, оның тәрбиеленушілері мен түлектері туралы да ештеңе естімегенін жеткізді. Оспан ақша бюджеттен бөлінгендіктен, салық төлеушілер оның қайда кеткені туралы ақпаратты білуге құқылы дейді.

"Оның жазбасынан сөздерді келтірейін: "Қазақ қыздары ешқашан батыстағыдай ер-азаматтың алдына шықпаған, феминизмге қызықпаған. Бізге оның қажеті жоқ",- деді Фариза Оспан өз жазбасында.
"Иә, мемлекеттік бюджеттің нацизм, анти-феминизм, фундаментализм және қыздар мен әйелдердің беделін түсірудің жасырын және айқын белгілері бар жобаға жұмсалатаны өкінішті. Шовинистік сектаны мемлекет қаржыландыратыны таң қалдырады", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Жаңа кітап жайлы пікір білдірген тағы бір қыз мемлекеттік қаражатқа мектеп немесе балабақша салу қажет еді дейді. Оның сөзінше, қазақстандық қыздарға соның тигізер әсері мол.

"Мұны бұлай қалдыруға болмайды. Бұл үлкен шуға айналуы тиіс. Неге Астанадағы (автордың сөзі сақталды) қыздар бағдарламалаумен айналысады, ал көрші көшедегілер мемлекет ақшасына ет қайнатуды үйрену керек? Бұл білім берудегі басымдық па?",-деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831247-sen-kazakty-kyzysy-maktan-et-deputatty-zaa-kitaby-eldi-asuyna-tidi/

pixel