RU

Жаңаөзенде 37 жастағы ер адамды атып кетті

Жаңаөзен қаласында зардап шеккен қалалық ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай ол қарудан жараланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам қаладан 150 шақырым қашықтықта табылған.

Ал ауруханаға жаралы адамның табылғаны туралы хабар 9 желтоқсан күні сағат 10.49 шамасында түскен.

"Шақырту бергендер оны жол-көлік апатынан жараланды деп ойлаған. Олар осылай деп хабарлады. Дереу облыстық жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Дәрігерлер барған соң жол апаты емес екенін жеткізді. Зардап шеккен ер адамның оқтан жараланып, жатып қалғаны белгілі болды", - деп хабарлады басқармадан.

1982 жылы туған азаматқа дәрігерлер "суық қарудан жауырын тұсының жаралануы" диагнозын қойған.

Ол қазір Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында емделуде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чехияда белгісіз адамның ауруханада атыс шығарып, салдарынан алты адамның қаза болғанын хабарлаған едік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831257-zaazende-37-zastagy-er-adamdy-atyp-ketti.html