RU

2019 жылы әлем халқы әлеуметтік желіде қандай тақырыпты көп талқылаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Twitter әлеуметтік желісі өз блогында 2019 жылға қорытынды жасап, биыл ең көп талқыланған тақырыптарды атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ең көп талқыланған жаңалықтар тізімінің көш басында биылғы 15 сәуірде Париждегі Нотр-Дам де Пари шіреуінде болған өрт тұр.

Екінші орында – Жапония императоры Нарухитоның таққа отыруымен "Рэйв дәуірінің басталуы".

Алғашқы үштікті Венесуэла түйіндейді. Бұл жерде қаңтардың басында жаппай наразылық акциялары орын алып, Хуан Гуаидо заңсыз түрде өзін уақытша мемлекет басшысымын деп жариялаған болатын.

Сондай-ақ ең көп талқыланған жаңалықтардың ондығына Brexit, Жапониядағы соңғы бірнеше онжылдықта болған ең алапат Хагибис тайфуны, Амазониядағы өрт, Гонконгтағы наразылық акциялары, климаттың өзгеруіне қарсы наразылықтар, жаңазеландиялық Крайстчерчтегі теракт және АҚШ-тағы демократтардың сайлауалды дебаттары кірді.

2019 жылы ең көп талқыланған тұлғалар қатарына Дональд Трамп, Барак Обама және Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бар.

Сондай-ақ америкалық саясаткер Александрия Окасио-Кортес, Бразилия президенті Жаир Болсонару және АҚШ президенттігіне үміткерлер – Берни Сандерс пен Джо Байден де әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған.

Сонымен қатар қызу талқыға түскен саясаткерлер арасында Хиллари Клинтон мен Франция басшысы Эммануэль Макрон да бар.

Ең көп талқыланған тұлғалардың ондығын Ресей президенті Владимир Путин түйіндейді.

Ал Twitter әлеуметтік желісінде 2019 жылы ең көп талқыға түскен телехикая – "Игра престолов".

Екінші орында америкалық телехикая – "Очень странные дела", ал үшінші орында – "Симпсондар". Үлкен экранға шыққан туындылардың ішінде "Мстители: Финал" фильмі де қызу талқыланған.

Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары америкалық актерлар Том Холланд, Крис Эванс пен Зендаяны көп талқылаған.

2019 жылы ең қызу талқыланған музыканттар тізімінде оңтүстіккореялық BTS тобы, америкалық әнші Ариана Гранде мен репер Дрейк көш бастады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2019 жылы әлем халқы әлеуметтік желіде қандай тақырыпты көп талқылаған
Mailfire view pixel