RU
Павлодарда картаның қызығына батқан қарт кісі 1 миллион теңгесінен қағылды

Павлодарда картаның қызығына батқан қарт кісі 1 миллион теңгесінен қағылды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда қала тұрғындарын ақшаға карта ойнатып, табыс таппақ болған қылмыстық топ тұтқындалды. Алаяқтардың бесеуі Өзбекстан азаматтары болса, бірі қала тұрғыны болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ИА "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Күдіктілердің қылмыстық ісінің қалай әшкере болғанын облыстық полиция департаменті баяндады.

Полицейлер таратқан хабарламаға сәйкес, күдіктілердің бірі базардағы адамдарға келіп, өздері қызыққан тауарды қоймадан көруді ұсынады. Кейін оның қасына әлгі тауар керек болған тағы бірнеше адам (сыбайластары) келеді.

Айтылған жерге көлікпен келген соң күдіктілердің бірі тауарға кетіп, ал көлік салонында қалғандар уақытты қысқарту үшін құрбанына карта ойнауды ұсынады.

Ойынға үнемі ойын ережесін қайталап сұраумен болған тағы бір өтіп бара жатқан адам (сыбайласы) қосылады.

Олар ойын барасында қарт кісіге ойынның шын екенін сендірмек болып, тіпті оған бірнеше рет жеңуге мүмкіндікте береді. Кейін ойыншылар үлкен сомада карта ойнауға өтіп, тіпті күдіктілер құрбанына қарызға ақша да ұсынады.

"Осылайша 64 жастағы зейнеткер 1 миллионнан аса, ал өзге тұрғын 30 мың теңгеге ұтылған", - дейді ведомство өкілдері.

Қазігі таңда аталған іс бойынша Қылмыстық кодестің 190 "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі терге жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жедел-іздестіру жұмыстары аясында полицейлер күдіктілерді тауып, тұтқындаған. Олардың екеуі Павлодарда ұсталса, тағы төртеуі Екібастұз қаласында тұтқындалған.

Күдіктілердің жасы 40-70 арасында болған. Сондай-ақ олардың бесеуі Өзбекстан азаматы, біреуі жергілікті қала тұрғыны екені анықталған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel