Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны сатып алған балықтың ішінен құрт шыққан (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде ішінде құрты бар қақталған балық бейнелеген видео тарады. Бейнеролик авторының айтуынша, ол балықты 4-ықшам ауданда орналасқан дүкеннен алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадрлар: Lada.kz
Видеодан кадрлар: Lada.kz: Facebook

Сатып алушы түсінік алу мақсатында сауда нүктесіне қайта оралғанымен, басшылық өкілдерін таппаған.

Бұған қатысты "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің президенті Никар Рафикова пікір білдірді.

"Маңғыстау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұтынушының өтінішінсіз аталған дүкенді тексеруге кірісе алмайды. Барлық қала тұрғындарына осы сынды тауарларды, әсіресе, балық өнімдерін арнайы мамандандырылған дүкендерден алуға кеңес берер едім", - деді ол.

Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында ведомство тұтынушының өтінішінсіз тексеру жүргізе алмайтынын, ал бейнематериал статистикалық прокуратура органдарында тексеруді тіркеу үшін жеткіліксіз екенін хабарлады.

"Бейнематериалда көрсетілген оқиға бойынша, бүгінгі күні барлық сауда объектілері эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер болып табылады, осыған байланысты сауда объектілерін ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілмейді.
Сауда кәсіпорны жеке немесе заңды тұлға дәлелдемелерді ұсына отырып өтініш берген жағдайда ғана тексеріледі", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қалалық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асима Жарылғасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831272-aktau-trgyny-satyp-algan-balykty-isinen-krt-sykkan-video/

pixel