RU

Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында бес көлік соқтығысып қалды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында бес көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік апаты салдарынан бес адам зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: "ҚазАвтожол" баспасөз қызметі

Фото: "ҚазАвтожол" баспасөз қызметі

Жол апаты сағат 13:30-да тас жолдың 1442-шақырымында болған.

Нақтырақ айтқанда, бес бірдей көлік "МАЗ" жүк бөлігі, Volkswagen C4 шағын автобусы, Audi 80, Lada Vesta және Toyota Highlander көліктері соқтығысып қалған.

"Қазавтожолдың" Instagram желісінде пайда болған видеосында куәгер жыраға түсіп кеткен көлікті көрсетеді. Артынан көлік бөлшектері шашылған тас жолды байқауға болады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ең қатты Audi жеңіл көлігі мен Volkswagen шағын автобусы зардап шеккен.

"Жаппай жол-көлік апатының мән-жайы анықталуда. Қосымша ақпарат алдағы уақытта болады", - деді "ҚазАвтожол" ҰК АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда көктайғаққа байланысты 20-дан аса жол апаты тіркелгенін хабарлаған болатынбыз. Өңірдегі көктайғақ салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылып, көлік апаты жиілеуде. Тіпті, Теміртау қаласында мектептегі сабақ та тоқтатылған. Телеарнаның мәліметінше, жаңбырдың салдарынан қала сыртындағы жолдар мұз айдынына айналған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында бес көлік соқтығысып қалды (видео)
Mailfire view pixel