RU
"Ақша жасап қалудың жолы": Белгілі заңгер шымкенттік кәсіпкерге қарсы шықты

"Ақша жасап қалудың жолы": Белгілі заңгер шымкенттік кәсіпкерге қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік кәсіпкер Болатбек Әлиев мемлекет меншігіндегі колледждерді мемлекеттік және жеке сектор әріптестігі аясында кәсіпкерлердің қолына өткізуді қолдады. Бизнесмен бұл туралы Facebook желісіндегі жеке парақшасына жазған. Алайда, алма ағаштарын өсірумен танылған кәсіпкердің бұл пікіріне көпшілік қарсы шығуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ақша жасап қалудың жолы": Белгілі заңгер шымкенттік кәсіпкерге қарсы шықты

Болатбек Әлиев. Айгүл Орынбек. Фото: facebook; коллаж: NUR.KZ

«Мемлекеттік колледждерді мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі аясында сенімді басқаруға өткізу туралы сауал Үкімет пен әкімдік деңгейінде көтеріліп келеді.

Бірден айтайын, мен мұны қолдаймын әрі осыған үміткерлердің бірімін. Бірақ бұдан маған және менің компанияма келетін экономикалық пайда жоқ. Жұмысты көп талап ететін және шығыны көп жоба.

  • Одан бөлек, менің онсыз да аз уақытымның біраз бөлігін алайын деп тұр. Мен сияқты жеке кәсіпкерге бұл неліктен қызықты әрі маңызды?

Кадр дайындаудағы қазіргі жүйені түбірімен өзгерткім келеді. Өйткені, кадр мәселесі мемлекет пен жұмыс берушінің талаптарына сай емес.

Колледждер дайындайтын мамандардың деңгейі сын көтермейді. Жеке кәсібіміді кеңейтіп, кадр іздеген кезде мен де бұл мәселемен жиі кездесемін», - деп жазады Әлиев.

Сондай-ақ, бизнесмен мемлекеттік колледждердегі материалдық-техникалық базаның ескіргенін және оқытушылар жалақасының төмендегенін тілге тиек еткен.

«Материалдық-техникалық база жаңармаған, оқытушылардың біліктілігі төмен. Менің кәсіпорнымдағы дәнекерлеушінің орташа жалақысы 150 мың, ал колледж оқытушыларының жалақысын 100 мың теңгеден кем.
Осыдан соң басқаша болуы мүмкін бе? Мен бұл процеске кірісуге дайынмын және өз әріптестерімді де осы салаға бет бұруға шақырамын», - делінген Болатбек Әлиевтің жазбасында.

Facebook желісіндегі жазбаға пікір жазғандар екіге бөлінген. Олардың қатарында кәсіпкердің пікіріне қарсы шыққандар да бар.

Ләззат Құсайынова есімді қолданушы бизнестің бұл салаға енуіне әлі ерте екенін айтады.

«Мұның салдары Жоғарғы оқу орындары секілді болуы мүмкін. Алғашында жеке ЖОО құруға мүмкіндік берді де, меншік иелері бұған жаппай ақша салды. Бірнеше жылдан бері бұған үлкен ақша құйылды, ал қазіргі таңда жекеменшік ЖОО-лар жабылып жатыр. Осыдан соң студенттер қайда барады? Кәсіпкерлер ақшасы қалай өтеледі? Әзірге барлығы да бұл мәселе шешіледі деген оймен отыр. Бұл мәселе заң жүзінде іске аспайынша, асығуға болмайды», деп жазады ол.

«Мемлекет ешқандай да кедергі келтіріп отырған жоқ. Колледж түлектері негізінен акушер, медбике, кулинар, аспаз, ағаш ұстасы болып жұмыс істеуде. Тек экономист, заңгер және басқа да гуманитарлық бағыттарда аз шығар.

Кәсіпкерлер қолына беру туралы айтар болсақ, онда барлығы да дайын. Дайын база, дайын жер және мемлекеттен берілетін қосымша қаржыландыру бар. Ал жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарды ешкім ойлап жатқан жоқ», - деп жазады Сайра Нигметова есімді қолданушы.

Ал белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек мемлекеттік колледждерді басқаруға түбегейлі қарсы шықты.

  • «Болат Әлиев мырза! Колледждер жайлы мақалаңызды бүгін оқыдым.
Таңдап отырған колледждеріңізді де біліп отырмын. Оңтүстікте облыс әкімнің орынбасары болып мемлекеттік қызметте жүрген кезде, оңтүстікке қандай пайдаңызды тигізгеніңізді қайдам, бірақ мемлекеттен миллиондап қаржы бөлінген колледждерді бизнесмендердің қолына беруге мен қарсымын!

Сізді қайдам, қоғам белсендісі ретінде, аудан-ауданды аралап, ауыл халқының жағдайын білем! Әлеуметтік колледждерге отбасылық жағдайы төмен отбасылардың балалары тегін оқитынын ескеруіміз керек!

Бірақ сіздер сияқты бизнесмендерге, тегін деген дүние жоқ шығар! Сіздер әрбір нәрседен ақша жасап қалудың жолын жасайсыздар деп ойлаймын! Кеше ғана мемлекеттік қызметкер, бүгінгі псевдо бизнесмендер халықтың жағдайын емес, қалтасының жағдайын ойлатыны тағы бар!

Егер мемлекетке шын жаныңыз ашса, оқу базасына миллиондап ақша құйылған ғимараттарды бар, жағдайы жасалған колледждерді емес, ескіріп, құлдырап жойылуға шақ қалып тұрған, оқу орындарды өз сеніміңізге алып, ақша құйып істеңіз!», - деп жазды заңгер.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel