RU

Көкшетауда ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары сотталды

Көкшетауда «Тумгоевские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері сотталды. Аталған топтың басшылары түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көкшетауда "Тумгоевские" ұйымдасқан қылмыстық ттоптың көшбасшылары бас бостандығынан айырылды
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен көктемде Ақмола облысы бойынша қауіпсіздік басқармасы, полиция және экономикалық тергеу басқармасы қызметкерлерінің бірлескен күшімен ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің қызметі тоқтатылды.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары Көкшетаудағы сотқа жолданды. Сот талқылауының нәтижесінде судья басшылардың бірі, яғни азамат Тумгоевты жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылғаны айтылады. Қылмыскер жазасын өтеулі режимдегі колонияда өтейтін болады.

Биылғы күздің соңғы айының соңында топтың екінші жетекшісі - азамат Куртоевқа қатысты шешім қабылданды.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды. Сот оған бизнес саласында бес жылға дейін басқару ісімен айналысуға тыйым салуға шешім қабылдады.

Сонымен қатар, ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831299-kksetauda-jymdaskan-kylmystyk-topty-ksbassylary-sottaldy.html