RU
Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясын кімдер алды

Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясын кімдер алды

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда ресми жария етті.

"1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", - делінген мәтінде.

Тұңғыш Президенттің мемлекеттік стипендиясын иеленген адамдар тізімінде: Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова, Фархат Шарипов, Юрий Померанцев, Самал Еслямова және басқалар бар.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, 10 желтоқсан күні Қазақстан президенті еліміздегі Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының басталу салтанатына қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Тәуелсіздік күні қарсаңында жастармен кездесуінің маңызды екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel