RU
Тоқаев белгілі мұнай компаниясының президентін қабылдады

Тоқаев белгілі мұнай компаниясының президентін қабылдады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев белгілі мұнай компаниясының президентін қабылдады

Фото: Ақорда

Қазақстан президентіне мұнай компаниясының 2019 жылы Қазақстанда атқарған жұмыстарының есебі берілді. Сондай-ақ Вагит Алекперов «Жеңіс» және «I-P-2» теңіз жобаларын жүзеге асырудың қазіргі ахуалы мен перспективалары туралы баяндады.

Ресей бизнесмені Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысында биыл қыркүйек айында ашылған «ЛУКОЙЛ» жағармай өнімдерін шығаратын зауыт жұмысының алғашқы нәтижелері жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы осындай зауыт салғаны үшін Вагит Алекперовке ризашылығын білдірді.

"Бұл – сіздің компанияның Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесі. Мұндай бағыттағы инвестицияларға жан-жақты қолдау көрсетеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Вагит Алекперов аталған өндіріс нысаны компанияның мақтанышына айналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, кәсіпорын 700-ге жуық өнім түрін шығарады және бір жарым айдың ішінде өзінің жобалық қуатына толық жетеді.

Естеріңізге сала кетсек, 10 желтоқсан күні Қазақстан президенті еліміздегі Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының басталу салтанатына қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде Тәуелсіздік күні қарсаңында жастармен кездесуінің маңызды екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel