RU

Үйінің "еркегі" болудан қажыған 49 жастағы қызылордалық әйел жұбайымен ажырасып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда қаласында үйінің "еркегі" болудан қажыған 49 жастағы әйел адам, балаларының сөзіне де құлақ аспастан ажырасып кеткен. Жарының жауапсыздығынан әбден шаршаған келіншек, егде жасқа қараған шағында жаңа өмір бастағысы келетінін жасырмайды. Мәдина тұрмысқа шыққан сәттен бастап, отбасылық проблемаларды жалғыз өзі арқалаған деп жазады KAZNUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мәдина (ред ескертпе. кейіпкерлердің есімі өзгертілді) тұрмысқа 30 жасында шыққан. Ол болашақ жарымен ойда-жоқта танысқан екен. Арада біраз уақыт өтіп, жастар отбасын құруға шешім қабылдайды. Қазақтың салт-дәстүріне сай сүйіктісінің ата-анасы құда түсіп, "Ұзату" тойы өтеді. Жаңа өмірді бірге бастаған ғашықтардың армандары да асқақ болған.

"Бақтияр екеуміздің "Үйлену" тойымыз ауылда өтті. Бастапқыда күйеуімнің ата-анасының үйінде тұрдық. Бірақ ауылдық жерде жұмыс табу оңай емес. Екеуміздің де тұрақты табысымыз болмады. Үлкен кісілерге масыл болып отырудан ұялып, қалаға бөлек шығып кеттік. Облыс орталығында төрт жылға жуық пәтер жалдап тұрдық. Мен көбіне бала күтімімен үйде отырдым. Өзімнің ата-анам мен бауырларым ақшалай көмектесетін. Бақтияр менің төркініме қол жаюдан ұялмайтын болды", - деп бастады әңгімесін кейіпкер.

Уақыт өте келе Мәдина жұмысқа шығып, отбасының негізгі асыраушысына айналғанын айтады. Ал күйеуі жалқаулыққа салынып, жұмыс істегісі келмейтін болған. Әйелінің тапқан азын аулақ ақшасы мен балаларға мемлекеттен төленетін жәрдемақыға арқа сүйеп отырғанды жөн көрген. Келіншегі қабақ шытып, жанжал шығарғаннан кейін ғана жұмысқа баратын болған.

"Бақтияр тұрақты бір жерде жұмыс істеген емес. Өте жан аяр адам. Кішкене сырқаттанса, төсек тартып жатып қалатын. Үнемі айлық дұрыс төлемейтін жерде еңбек ететін. Осы күні ойлап қарасам, күйеуімнің ақшасын рахаттанып жұмсап, қажетіме жаратқан адам емеспін. Көбіне тапқан табысына карта ойнап, арақ ішетін. Мұның барлығынан әбден шаршасам да, балаларым үшін шыдайтынмын. Үнемі ақша іздеп, таныстарымнан қарыз сұрап жүретінмін. Төркініме де жексұрын болдым", - дейлі үш балалы ана.

Мәдина тіпті күйеуінің сатқындық жасап, көзіңе шөп салғанын да жасырмайды. Ол кезде жас келіншек кешірім беріп, отбасын сақтап қалған екен. Бірақ сүйікті жарын бағалаудың орнына, Бақтияр бөтен әйелдерге баруды әдетке айналдырып алыпты.

"Балаларым өскен сайын, оларға қажетті дүниелер де көбейді. Үлкен қызым тоғызыншы сыныптан кейін, жұмысқа тұрды. Бұл маған кәдімгідей көмек болды. Ол отбасындағы жағдайды жақсы түсінетін. Әкесінің немқұрайлылығына іштей күйініп, маған қолдау көрсетіп жүретін еді. Осы жылдың наурыз айында қызым аяқ астынан тұрмысқа шығатынын айтты. Дереу ақша іздеуге тура келді", - дейді Мәдина.

Әйел адамның қызына "Ұзату" тойын жасап беруге мүмкіндігі болмаған. Болашақ құдаларымен келісіп күйеу жігіт қалыңдықты алып қашқан. Ендігі кезекте Мәдина кешірімге келетіндерді күтіп алуға және қызының киімін дайындауға қаражат іздеуге мәжбүр болыпты.

"Өкінішке орай, бір де бір банктен несие ала алмадым. Жалақым барлық шығындарыма жетпейді. Бақтиярға бәрібір. Ол қызының тойын ойлап, басын қатырған жоқ. Әдеттегідей ішімдігін ішіп, өз жағдайын жасап жүре берді. Қарызға батып, қауғаланып әрең дегенде қызымның жұмыстарын бітірдім. Қызымның тойынан кейін дереу сотқа арыз жазып, күйеуіме ажырасатынымды айттым. Намыссыз, ешқандай жауапкершілігі жоқ адаммен енді тұра алмайтынымды түсіндім", - дейді ол.

Мәдинаның бұл әрекеті жақындарын таңғалдырған екен. Әсіресе, балалары райынан қайтуын сұраған. Алайда, қызылордалық келіншек шешімін өзгертуден бас тартқан.

Ол бүгінде жанының тыныштық тапқанын айтады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үйінің "еркегі" болудан қажыған 49 жастағы қызылордалық әйел жұбайымен ажырасып кетті
Mailfire view pixel