RU
СҚО экс-әкімінің інісі мемлекеттік субсидияны жымқырды деген күдікке ілінді

СҚО экс-әкімінің інісі мемлекеттік субсидияны жымқырды деген күдікке ілінді

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Серік Біләловтің інісі сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға ілікті. Ол мемлекеттік субсидияны жымқырды деп айыпталып отыр. Бұл туралы экономикалық тергеу департаментінің өкілдері мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Экс-әкімнің інісі, Бескөл құс фабрикасының директоры Ерік Біләлов 2016-2018 жылдар аралығында өндірілген жұмыртқаның санын еселеп отырған деп айыпталуда.

Ведомствоның мәліметінше, әрбір жұмыртқа бағасын екі жарым теңгеге өсіріп, мемлекеттік субсидияны молынан алуға тырысқан. Сөйтіп, үш жыл ішінде мемлекет қазынасына 534 миллион теңгеге шығын келтірген.

Құқық қорғау органдары күдіктіні өткен аптада ұстаған. Бірақ араға екі күн салып, ол босатылған көрінеді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

"Экономикалық тергеу департаменті аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190 бабы 4-бөлімі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Биыл жүргізілген тексеріс жұмыстарына сәйкес, Бескөл құс фабрикасының басшысы бірнеше қызметкерімен бірлесіп, өндірілген жұмыртқа санын екі есе ұлғайтып көрсеткені үшін күдікке ілікті.
Бұл бапқа орай олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ, соттың басқа үкім шығаруы да ғажап емес", - дейді СҚО экономикалық тергеу департаменті тергеу басқармасының жетекшісі Рақым Мақажанов.

А. Курманкин

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel