RU
Қазақстандық футболшы Меккеде Хабиб Нурмагамедовпен кездесті (фото)

Қазақстандық футболшы Меккеде Хабиб Нурмагамедовпен кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагамедовпен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/gafurzhan.5

Фото: instagram.com/gafurzhan.5

Аралас жекпе-жек шеберімен түскен суртені футболшы өзінің Instagram парақшасында жариялады. Фотоның Сауд Арабиясындағы Мекке қаласында түсірілгені көрсетілген.

Белгілі болғандай, Нурмагамедов Сауд Арабиясына британиялық Энтони Джошуа мен америкалық Энди Руистің қатысуымен өткен бокс кешін тамашалауға барған.

Бұл екі боксшының екінші рет кездесіп жатқандарын айта кету керек. Аталған жекпе-жекте британиялық боксшы төрешілер шешімімен қарсыласынан басым түсіп, аса ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпиондық атақтарын қайтарып алды.

Айта кетейік, алматылық "Қайраттың" қорғаушысы, "Ордабасы" футбол клубының түлегі Ғафуржан Сүйімбаев өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасында 24 матч өткізіп, екі гол соқты, төрт нәтижелі пастың авторы атанды.

Сондай-ақ, 29 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында Еуро-2020 турнирінің іріктеу кезеңінде сегіз ойын өткізді. Қорғаушы бұл жарыста да екі гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel