Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірдің мәнін іздеу денсаулыққа кері әсерін тигізетін болып шықты

Опубликовано:

Америкалық ғалымдар өмірдің мәнін іздеп, сары уайымға салынатын адамдардың күйзеліске жиі ұшырап, денсаулықтары сыр беретінін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Калифорния медициналық университеті ғалымдарының жүргізген зерттеулері Journal of Clinical Psychiatry басылымында жарияланды.

Соған сәйкес, өмірдің мәнін ұғынған адамдардың физикалық және психологиялық ахуалы жақсы болатыны көрсетілген. Ал сол өмір мәнін іздеу процесінің өзі адамның сары уайымға салынып, денсаулығы нашарлауына соқтыратыны анықталды.

"Өмірдің мәнін түсінгенде адам анағұрлым сабырлы және көңілі тыныш болады. Ал өмірлік мақсаты жоқ адамдар оны іздеу кезінде жиі күйзеліске ұшырайды. Көбісі өмірлік мақсаты жайлы философиялық тұрғыда ойланады. Бірақ, өмірдің мәнін ұғыну денсаулықтың, көңіл күйдің жақсаруымен және ұзақ өмір сүрумен байланысты", – дейді зерттеу жұмысының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Дилип Джест.

Үш жыл бойы Калифорния штаты Сан-Диего округінің 1042 тұрғынынан алынған сауалнама нәтижелері зерттеудің бастапқы деректері ретінде қарастырылды.

Ғалымдар өміріне қанағаттанатын адамдардың үлесі жас ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болатынын анықтады. Өз өміріне көңілі толатындардың басым бөлігі – 60 жасқа толғандар.

"60 жастан кейін барлығы өзгереді. Адамдар қызметін аяқтап, бірегейлік сезімін жоғалта бастайды. Денсаулықтары сыр беріп, достары мен туыстары бірте-бірте өмірден өтеді. Сол сәттерде көзқарастары өзгеріп, жаңа өмір мәнін іздеуге кіріседі", – дейді зерттеу авторларының бірі Авайс Афтаб.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831332-mirdi-mnin-izdeu-densaulykka-keri-serin-tigizetin-bolyp-sykty/

pixel