RU
Чемпиондар лигасының алғашқы финалистері анықталды

Чемпиондар лигасының алғашқы финалистері анықталды

Рассказать Вконтакте

Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңі төрт топ үшін аяқталды. Аталған турнирдің өткен жылғы чемпионы "Ливерпуль" клубы қиындықсыз 1/8 финалға жолдама алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Е тобында "Наполи" командасы "Расинг Генк" ұжымын айқын басымдылықпен ұтып, 12 ұпаймен екінші орынға ие болды. Италиялық клуб сапынан Милик хет-трик жасаса, Мертенс ойынның нүктесін қойды.

Sports.ru басылымының мәліметінше, "Наполи" келесі кезеңге шыққанымен, команда бапкері атақты Карло Анчелотти қызметінен босатылған.

Бұл топта "Ливерпуль" клубы "Ред Булл Зальцбургті" ұтып (0:2), топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтады. "Қызыл фурия" сапынан Кейта мен Салах көзге түсті.

F тобында "Барселона" соңғы турда миландық "Интерді" сырт алаңда жеңді.

Есеп 1:2. Католондық клуб екінші құрамымен ойнаса да, италиялық командаға есе жіберген жоқ.

Ал бұл топта екінші орынмен дортмундық "Боруссия" шықты. Германиялық клуб чехиялық "Славияны" 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алаң иелері сапынан Санчо мен Бранд көзге түсті.

G тобында қай клубтың келесі кезеңге өтетіні соңғы турға дейін белгісіз болды.

Санкт-Петербургтік "Зенит" шешуші ойында португалиялық "Бенфикадан" 3:0 есебімен ұтылып, төртінші орынды місе тұтты.

Ал бірінші-екінші орынды "Лейпциг" пен "Лион" өзара бөлісті.

Футбол сарапшылары H тобында "Аякс" пен "Челси" келесі кезеңге шығады деп болжаған.

Алайда өткен жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін барған амстредамдық "Аякс" соңғы турда "Валенсияға" есе жіберіп, үшінші орынды қанағат етті.

Бұл топта лондондық "Челси" мен испаниялық "Валенсия" финалдық кезеңге жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel