RU

"Үйге келгенде әрдайым бақыттымын": Головкин Қазақстанға келді (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанға оралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/gggboxing

Фото: instagram.com/gggboxing: Instagram

Бұл туралы кәсіпқой боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Үйге келгенде әрдайым бақыттымын", – деп жазды әлемдік бокс жұлдызы жариялаған суреттің тұсына.

Еске сала кетейік, кеше Геннадий Головкин Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесіп, өңірдегі спорт саласының даму мәселесін талқылады.

"Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды.
Бірге отырып, Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады.
Келесі жылы атақты "Литейщик" стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім", – деп жазды Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасында.

Бұған дейін орта салмақта Еуропаның бұрынғы чемпионы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский клиентінің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген еді.

Головкин мен Шеремета арасындағы айтулы жекпе-жек 8 немесе 29 ақпанда өтуі мүмкін. Бокс кешін поляк диаспорасы көп шоғырланған Чикаго қаласындағы Wintrust Arena-да өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Үйге келгенде әрдайым бақыттымын": Головкин Қазақстанға келді (фото)