RU
Виктор Храпунов: Мені Женевада ұрлап әкетпек болды

Виктор Храпунов: Мені Женевада ұрлап әкетпек болды

Рассказать Вконтакте

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов Женевада біреулердің оны ұрлап әкетуге тырысқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Виктор Храпунов. Фото: inbusiness.kz

Виктор Храпунов. Фото: inbusiness.kz

Қазіргі уақытта Швейцарияда тұратын, Қазақстанда алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық бойынша сырттай 17 жылға сотталған Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов Tribune de Genève газетіне берген сұхбатында өзін біреулердің ұрлап әкетпек болғанын мәлімдеді.

Сұхбатының аудармасын ол Facebook парақшасында жариялады.

Сондай-ақ Храпунов Швейцарияда өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлім етті. Оған жүздеген миллион доллар қаражатты жылыстады деген айып тағылған болатын. Істің қаралуы жеті жылға созылды.

"Жеті жыл – бұл ұзақ мерзім. Бұл сотпен қудалауды еске алғанда, әрине, іштей қынжыласың. Кейде дәл осы Женевада режим агенттерінің қатысуымен апталап жауап алды. Осы жылдар бойы экстрадициядан қорқып өмір сүрдім.
Қазақстан бізге қарсы бүкіл тетіктерін іске қосты. Тіпті, Криста Марквальдер секілді аңқау (швейцариялық) парламентарилерді алдап соқты. Сол сәтте көлеңкеде әрекет еткен режимнің шабармандары мені Женевада ұрлап әкетуге тырысты", – деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ Храпунов осы мәселеге байланысты Швейцария билігіне реніші жоқ екенін, және күндердің күнінде Қазақстанға оралуға үміті барын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel