RU
Қызметінен кететіні жайлы қауесет тараған Бозымбаев немен айналысып жүр

Қызметінен кететіні жайлы қауесет тараған Бозымбаев немен айналысып жүр

Рассказать Вконтакте

Жақында энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қызметінен кететіні жайлы қауесет тараған болатын. Бұл туралы қазақстандық саясаттанушы Ербол Едіов мәлімдеген. Шенеуніктің басқаратын ведомствосы аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қанат Бозымбаев. Фото: primeminister.kz

Қанат Бозымбаев. Фото: primeminister.kz

Танымал саясаттанушы өзінің Telegram-арнасында кейбір дереккөздердің мәліметіне сәйкес, "энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың басқа қызметке ауысуы күтілетінін" жазды.

Ведомство басшысының баспасөз хатшысы Sputnik Қазақстанға министрдің немен айналысып жүргенін хабарлады.

Нұрлыбек Жеңісбектің айтуынша, Қанат Бозымбаев 14 күн бойы денсаулығына байланысты демалыста болған. Алайда, қазір жұмысына кірісіп, лауазымдық міндеттерін толық көлемде атқаруда.

Бір күн бұрын министр бірқатар кездесулер мен жиналыстарға қатысқан.

Ол аталған қызметін 2016 жылдың көктемінен бері атқарып келеді.

Еске сала кетейік, жақында Ербол Еділов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің қызметінен кетіп, зейнетке шыққалы жатқанын мәлім еткен.

Саясаттанушының ақпарынша, Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жеткендіктен енді Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен кетпек. Айта кетейік, тоғызыншы желтоқсан күні ол 63 жасқа толды.

Әзірге бұл ақпарат расталған жоқ, және де ресми түрде жоққа да шығарылмады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel