Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Хиджабпен әлемдік сән сахнасын бағындырған топ-модель жайлы не білеміз

Опубликовано:

Халима Аден - хиджаб киетін әлемдегі ең танымал топ-модельдердің бірі. Ол сән сахнасына шартты түрде тек жабық киімдермен шығады. Бірі оның сұлулылығы мен батылдығына тамсанса, енді бірі мұсылман қызының орны сән сахнасында емес дегенді алға тартады деп жазады KAZ.NUR.KZ BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Хиджаб киіп, әлемдік сән сахнасын бағындырған модель жайлы не білеміз
Фото: nstagram.com/halima: UGC

22 жастағы бойжеткен модельдік мансапты исламның қатаң тәртібімен қалай ұштастырып жүргенін айтып берді.

"Мен күніне бес рет намаз оқуға тырысамын, бірақ ол әркез қолдан келе бермейді. Бірде Нью-Йорктегі сән апталығында жайнамазды көтеріп, намаз оқуға ыңғайлы жерді жүгіріп жүріп іздедім. Намазды көбінесе гримеркада немесе түсірілім алаңында оқыған ыңғайлы екен", - дейді Халима.

Халима Аден - британдық Vogue журналының мұқабасына түскен алғашқы хиджабтағы модель. Ол сондай-ақ америкалық Sports Illustrated брендінің шомылуға арналған жабық киімдерін жарнамалаған.

Оның бойы небәрі 166 сантиметр. Топ-модельді Max Mara мен Yeezy секілді әлемнің ең ұздік брендтері жұмыс істеуге шақырады. Екі жыл бұрын ол дүниежүзіндегі ең алғашқы хиджабтағы модель атанды.

"Өзіңді өзгертпе, ойынның шарттарын өзгерт", - дейді Халима.

Оның мақсаты - сән әлемін жан-жақты ету. Сонымен қатар Халиманың өмірде ұстанатын өзіндік ұстанымдары бар.

"Ешкімді сынап-мін тақпа. Себебі ол тек Құдайға тән. Адамдарға олардың өміріндегі қиын сәттерде көмек көрсету керек.
Мен босқындар лагерінде өстім. Сол себепті мына рахатқа толы өмірдің бір күні аяқталарын білемін. Мен оған дайынмын", - дейді модель қыз.

Халима Кенияда дүниеге келген. Оның отбасы Сомалиден шыққан. Олар 90-жылдары өз отанынан Кенияға қашып, содан кейін АҚШ-қа көшкен. Өкінішке орай бойжеткен соғыс кезінде әкесінен көз жазып қалған.

"Достарым мені сомалилық ханшайым деп атайды. Себебі мен Кенияда жүргенде бір үйден екінші үйге көшкеніміз туралы жиі айтатынмын. Олар біз тұрған үйлердің пластик бөтелкелер мен құрылыс қалдықтарынан жасалғанын білген жоқ. Анамның бар тапқан дүниесі қатты дауыл тұрғанда ұшып, жоқ болатын.
Сыныптастарым мені басым кір болғандықтан орамал тағады деп ойлайтын. Бірақ ол орта мектепте оқып жүрген кез ғой", - дейді ару өткен өмірін еске алып.

Халима 19 жасқа келгенде "Миннесота аруы" байқауына қатысқан. Ол жыл сайынғы байқауда сахнаға хиджаб киіп шыққан алғашқы модель болды.

"Мен әрдайым сұлулық байқауына қатысқым келетін. Бірақ мен сомалилықпын. Біздің арамызда ешкім ондайға барып көрмеген. Ал байқауға қатысып көргенен кейін мен құрбыларыма буркиниді киіп те, ашық жүрген қыздардың арасында өзіңді сенімді сезінуге болатынын айттым", - дейді ол.

Байқаудан кейін Халима әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі - IMG Models-тен ұсыныс алды.

Ол бірден келесімін бергенімен өз шарттарын қоя бастады. Оның басты талабы - барлық жерге тек хиджабпен шығу болды.

"Мен бала күнімнен хиджаб кидім. Ол мен үшін аяқ киім секілді, күнделікті онсыз жүре алмаймын", - дейді ол.

Халима өзі жарнамалайтын киімдерге деген талабы да қатаң. Ол киген киім оның денесін жалаңаштап тұрмауы тиіс. Бұл маңызды талап оның модельдық келісім-шартында жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831354-hidzab-kiip-lemdik-sn-sahnasyn-bagyndyrgan-model-zajly-ne-bilemiz/

pixel