RU
Жалғыздықтан қорыққан жапондық әкесінің мәйітімен бір ай тұрған

Жалғыздықтан қорыққан жапондық әкесінің мәйітімен бір ай тұрған

Рассказать Вконтакте

Жапониялық тұрғын қайтыс болған әкесін бір айдай уақыт жерлемеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылым мәліметінше, 61 жастағы ер адам Токиода 91 жастағы әкесімен бірге тұрған. Ол анасы көз жұмған соң жұмыс істеуді доғарып, 40 жыл бойы үйінен шықпаған.

Ер адамның жалғыз табыс көзі - алғашында жалақысы кейін әкесінің зейнетақысы болған.

Осы жылы шілденің аяғында сонының оның әкесі де өмірден өткен. Жапониялық азамат бұл туралы ешкімге тіс жармаған.

Ол бірнеше апта бойы әкесінің денесін жуып, оын қайта киіндіріп отырған.

Одан бөлек, ер адамның иіске келген шыбын-шіркейді де қуып отырғаны белгілі болды.

Көршілері полиция қызметкерлерін шақырмағанша бұл іс-әрекет жалғасын таба берген.

Ер адам сотта бұл әрекетін ақ халаттылар әкесінің денесін алып кетеді деп қорыққандықтан жедел-жәрдем қызметін шақырмағанымен түсіндірді.

Олай болған жағдайда тіпті жалғыз қалатынын айтқан.

Алайда прокуратура жапондыққа әкесінің зейнетақысын алып отыру үшін оның өлімін жасырған деп кінә тақты.

Сот ер адамды шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel