RU

Алматыда 16 жастағы колледж студенті із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада "Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі" КМҚК 2- курс студенті із-түзсіз жоғалып кетті. Жақындары 16 жастағы Әкімбекова Айғаным Санатқызымен 9 желтоқсаннан бері байланыса алмай отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Жеке мұрағаттан

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Жеке мұрағаттан

2003 жылы дүниеге келген Айғаным 9 желтоқсан күні таңғы 06:30-да үйден кеткен. Сағат 13:00-де сабақтан шығып, достарына үйге №45 автобуспен қайтатынын айтқан. Алайда, құрдастары студенттің қоғамдық көлікке отырған-отырмағанынан бейхабар.

"Достары сол күні колледжде керемет көңіл-күйде болғанын айтады. Олар "Әдетте сауда орталығын 13:30-ға дейін аралайтынбыз, бірақ дәл сол күні Айғаным ерте кетіп қалған" дейді. Өзі тұйықтау, көп ашылып сөйлемейді. 9 желтоқсан күні сағат 15:48-де хабарластым. Содан бастап телефоны өшірулі тұр", - дейді Айғанымның анасы Рамазанқызы Күләш Әкімбекова.

Колледж студенті сол күні қара күрте, қара джинсы мен қара етікте болыпты. Ал анасы қызымды іздемеген жерім жоқ деп отыр. Күләш Әкімбекова полицияға 10 желтоқсан күні арыз жазған екен.

"Өзіміз Алатау ауданында тұрамыз. Арызды колледж қарайтын Әуезов аудандық полиция бөліміне тастадық. Іздестіріп жатыр", - деп толықтырды ол.

Егер Айғаным Санатқызын көрген-білгендер болса, 8 747 377 53 29 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 16 жастағы колледж студенті із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Mailfire view pixel