RU
"Барселонаның" 17 жастағы ойыншысы Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

"Барселонаның" 17 жастағы ойыншысы Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

Рассказать Вконтакте

Испаниялық "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Ансу Фати Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас ойыншы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ансу Фати. Фото: eurosport.ru

Ансу Фати. Фото: eurosport.ru

Бүгін түнде Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы туры аясында италиялық "Интер" өз алаңында Испанияның азулы "Барселонасын" қабылдаған болатын.

Команданың көптеген үздік футболшылары алаңға шықпағанына қарамастан, қонақтар алаң иелерінен басым түсіп, 1:2 есебімен жеңіске жетті.

17 жасқа толғанына 40 күн болған Ансу Фати шешуші голдың авторы атанды. Оның командаласы Карлес Пересті алмастырып, алаңға шыққанына 2 минут өткен соң гол соққанын атап өткен жөн. Уругвайлық Луис Суарестен пас алған ол қарсылас қақпасының сол жақ бұрышын дәл көздеді.

Осылайша, жас талант Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд грекиялық "Олимпиакостың" бұрынғы ойыншысы Питер Офори-Куайеге тиесілі болған.

Ол 1997 жылы 17 жасқа толғаннан кейін 195 күннен соң гол соғып, еурокубок тарихындағы ең жас сұрмерген атанған еді.

Айта кетейік, Ансу Фати "Барселона" командасының негізгі құрамында биыл 16 жасында алаңға шықты. Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасында 12 мач өткізіп, үш голдың және бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel