Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы обылысында төбет 8 жасар баланы талап өлтірді

Опубликовано:

Алматы облысында жантүршігерлік оқиға орын алды. Полицияның хабарлауынша, 8 жасар балаға неміс төбеті шабуыл жасап, оны талап өлтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы обылысында төбет 8 жасар баланы талап өлтірді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қайғылы оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында болған. Балаға шабуылдаған ит қайтыс болған жеткіншектің отбасына тиесілі болып шықты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көз жұмған баланың денесін 30 қараша күні оның бауыры тауып алғанын хабарлады.

Ведомствода аталған фактіні растап, құқық қорғау органдарының тергеу жұмыстарына кірісіп кеткенін атап өтті.

Сонымен қатар, хабарламада айтылғандай олар балаға шабулдаған төбетті ұйықтатып тастаған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері сараптама нәтижелерін күтуде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас оқиға бұған дейін Таразда орын алған еді.

Ол кезде питбуль тұқымды иттің шабуылынан 54 жастағы әйел адам көз жұмған болатын.

Зардап шеккен тұрғын бірден ота залына жеткізілгенімен оны құтқару мүмкін болмаған.

Ал әйел адамға шабуыл жасаған итті полицейлерге атып тастауға тура келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1831374-almaty-obylysynda-tbet-8-zasar-balany-talap-ltirdi/

pixel