RU

Іш пыстырарлық жатақхана бөлмелерін адам танымастай өзгерткен студенттер әлемді таңғалдырды

Әлем бойынша бірінші курс студентері жаппай жатақханадағы жайсыз әрі іш пыстырарлық бөлмелерді жайлы баспанаға айналдырып жатыр. Үйінен жырақта жүрген олар сағыныштарын басу үшін ескі қабырғалар мен ұсқынсыз кереуеттерді жандандырып, өз пәтерлеріне ұқсатуға тырысуда деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ке сілтеме жасап.

Бірінші курс студентері жатақханадағы бөлмлер
Фото: instagram.com/not_just_dorms, instagram.com/skylarbantz: UGC

Ескі бөлмелерді жандандыру өткен жылы сәнге айналды. Миссисипи университетінің бірінші курс студенттері Эбби Бозман мен Линди Гудсон жатақханадағы бөлмелерін жандандыруды ойға алған.

Бойжеткендер үйлерінен жырақта жүргендіктен, баспаналарын барынша ыңғайлы етуге тырысқан. Сол себепті арулар бөлме дизайнын бүге-шүгесіне дейін ойластырыпты.

"Біз бөлмеміздің жайлы болғанын қаладық. Себебі өз үйімізден алыстамыз", - дейді Гудсон.

Жатақханаға кірмес бұрын олар жаз бойы жаңа баспанасын безендірген. Олар жобаны іске асыру үшін тынбай еңбек еткен.

Кей заттарға ақша шығындамас үшін, өздері барлығын қолдан жасауға тырысқан.

Эбби Бозман мен Линди Гудсон — студенттерге арналған жатақхананы ""гүлдендірген" жалғыз студенттер емес.

Оқуға жаңа түскен жастар да бөлмелерін жаппай жайлы етуге тырысуда. Олар өз жұмыстарын Instagram желісіне салып, оқырмандардан кері байланыс та орнатуда.

Желі қолданушылары бөлмелерді ерекше етіп жандандырған жастарға үнемі жылы лебіздерін білдіріп жатады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831382-zatakhana-blmelerin-adam-tanymastaj-etip-zgertken-studentter-lemdi-tagaldyrdy.html