Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаңырағыңыз бақыт пен байлықта болуы үшін үйде неге мән берген жөн

Опубликовано:

Кез келген адам баласы үйінің бақытқа, байлыққа толы болғанын қалайды. Жақсы өмір сүру үшін осыған қатысты наным-сенімдерді бұлжытпай орындап, үйіне әртүрлі мүсіндерді толтырып қоятындар да бар. Осы ретте KAZ.NUR.KZ порталы SM.news-ке сілтеме жасап қандай заттың шаңырағыңызға бақыт пен байлық, жағымды энергетика шақыратынын анықтап көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Кептірілген гүлдер

Кептірілген дала гүлдері мен шөптерінің энергетикасы өте жоғары. Ежелгі заманнан бері үйге бақыт, береке және мықты денсаулық шақырады деп әртүрлі кепкен шөптерді іліп қоятын болған.

Құмырада өсірілген гүлдер

Егер құмырадағы гүлдеріңіз жақсы өссе, онда ол жағымсыз энергетиканың күшін жойып, отбасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартады. Сол себепті үй өсімдіктерін жақсылап баптаған жөн.

Дөңгелек ас үй үстелі

Ас бөлмесіндегі табиғи ағаштан жасалған, бетіне әппақ дастархан төселген үлкен дөңгелек үстел үй ішіндегі қарым-қатынасты жақсартып, тыныштық пен жайлылықты сақтауға көмектеседі.

Үйдің жарықтығы

Үйдің іші жап-жарық болуы тиіс. Қосымша жарықтандыруға жылы түстерді таңдаған дұрыс. Бұл үйде жағымды энергетиканың жиналып, отбасыңыздан кесел мен ұрыстардың айналып өтуіне септігін тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1831385-sayragyyz-bakyt-pen-bajlykta-boluy-sin-jde-kandaj-zattar-bolgany-drys/

pixel