RU
Күйеу жігіттің кешіккеніне ашуланған қалыңдық өзге жігітке тұрмысқа шығып кетті

Күйеу жігіттің кешіккеніне ашуланған қалыңдық өзге жігітке тұрмысқа шығып кетті

Рассказать Вконтакте

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында қызықты жағдай орын алды. Биджнор қаласында некелесу рәсіміне кешіккен күйеу жігіттің қалыңдығы басқа біреуге тұрмысқа шығып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Оқиғадан алты апта бұрын аталған жұп Нангалят ауылында бейресми үйлену тойларын атап өткен. Алайда, қалыңдық ресми некелесу рәсімін өткізбей тұрып күйеу жігіттің үйіне көшіп барудан бас тартқан.

Бұдан бөлек, екі жастың отбасылары той алдында бір-бірімен араздасып қалған екен. Күйеу жігіттің туыстары болашақ келіндерінің отбасынан қыздың жасауын, соның ішінде велосипед пен ақша беруді талап еткен. Алайда, құдалар жағы олардың талаптарын орындауға асықпаған көрінеді.

Нәтижесінде, қыздың туыстары күйеу жігіт жақтан келген қонақтарды соққыға жығып, салтанатты рәсім өтетін жердегі бір бөлмеге қамап қойған. Екі тарап та полицияға шағым түсірген, алайда, кейіннен татуласып, мәмілеге келіпті.

Құдалардың онсыз да шиеленіскен қарым-қатынасы некелесу рәсімінде одан бетер ушықты.

Күйеу жігіт салтанатты шараға белгіленген уақытында келмей, қалыңдықтың шамына тиген екен. Ақыры, ашынған ару некелесу рәсімін бұзып, басқа бір жігітке тұрмысқа шыққан.

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel