RU

Жол ережесін сақтаған жылқышы желіде жұлдызға айналды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде жылқыға мінген ер адамның ережені сақтап, көлік жолымен жүрген сәті тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Kolesa.kz басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Қызықты видео Қарағанды облысы Балқаш қаласында түсірілген.

Кадрдан атқа мінген ер адамның артындағы көлікті құрметтеп, қай бағытқа қарай бұрылатындығын қолымен көрсеткенін, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағына тоқтағанын байқауға болады.

"Жылқышының" жол ережесін сақтағанына видео авторы қатты таңғалғанын эмоциясы арқылы жасыра алмады.

Еске сала кестек, Қазақстандық тележурналист Жарас Ниязбек тойханаға жылқы кіргізген жұртты сынның астына алды.

Тілші видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жариялап, "Әй, дарақылық-ай! Қайтер екен? Жылқыға обал ғой. Не енді мынау?",- деп жазды.

Ал видеодан тойхана ішінде жүрген төрт түліктің бірі қайта-қайта құлап жатқанын аңғаруға болады. Журналистің өзі жылқының 100 рет жүлде алғанын пікірге жазып қалдырған.

Бейнежазбаны көрген көпшілік тек теріс пікірлер жазып қалдырған.

"Аяғы сырғанап жатыр ғой", "Байғұс жылқы-ай", "Жылқыны солай қинаған обал", "Әйтеуір біздің қазақ мақтанудан, ысырапшылдықтан жалықпас", "Қайтеміз енді, обал-ақ" деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жол ережесін сақтаған жылқышы желіде жұлдызға айналды
Mailfire view pixel