RU

Елімізде енді оралман мәртебесін алу жеңілдейді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда этникалық қазақтар үшін оралман мәртебесін алу шарты өзгереді. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі этникалық көші-қон саласына қатысты негізгі өзгерістерді атады.

"Біріншіден, қолданыстағы заңнама бойынша, этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін шет мемлекеттің аумағында тұрғанын растауы қажет. Бірақ оны көптеген қандасымыз растай алмайды. Әсіресе, 1991 жылдан кейін туғандар. Сондықтан, оралман мәртебесін алу үшін бұрын Қазақстан азаматтығында болмағаны басты критерий болып ұсынылады", – деді Нұрымбетов.

Екінші өзгеріс құжат тапсыру тәртібіне байланысты. Енді қандастарымыз ықтиярхат, яғни тұрақты тұруға рұқсат пен Қазақстан азаматтығын алуға құжаттарды бір мезгілде өткізеді.

Үшіншіден, ведомство басшысының айтуынша, көшіп келушілерге бейімделу және ықпалдастыру қызметтерін көрсететін орталықтардың функцияларын қандастарға ғана емес, ішкі қоныс аударушылар үшін де кеңейту ұсынылады.

Заң жобасы Қазақстанның 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасына және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген. Мәжіліс аталған құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының міндеттері көші-қон заңнамасын тиісті бағыттар бойынша жетілдіруге негізделген:

  • Қазақстанға келген этникалық репатрианттар мен қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдай жасау;
  • ел экономикасының қажеттіліктерін қамтитын қолайлы инвестициялық климат құруға бағытталған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін жетілдіру;
  • халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту;
  • заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде енді оралман мәртебесін алу жеңілдейді
Mailfire view pixel