RU
Елімізде қанша адамның азаматтығы жоқ екені белгілі болды

Елімізде қанша адамның азаматтығы жоқ екені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев елімізде неше мың адамның азаматтығы жоқ екендігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Депутат Бейбіт Мамыраев мәжіліс отырысында азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтар туралы айтты.

Оның сөзінше, 2016-2018 жылдары азаматтығы жоқ адамдардың саны 1,2 есеге артқан.
Ал азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтар саны 4,5 есеге өсті.

Депутат ішкі министрлігінен осыған байланысты пікір білдіруді сұрады.

Қожаев өз кезегінде 2016 жылдан бері көші-қон заңнамасын бұзған адамдар саны азайып келе жатқанын мәлімдеді.

Вице-министр статистика бойынша, азаматтығы жоқ адамдар жасаған заң бұзушылықтар аздап өскенін жасырмады.

"Қазір елімізде азаматтығы жоқ 7 мыңнан астам адам бар. Олар жасайтын  заң бұзушылықтар, негізінен, Қазақстанда тіркеусіз тұруы, куәлік күшінің жойылуы немесе жоғалтуы, тағысын тағы. Мұның барлығы рейдтік және тексеріс шаралары кезінде анықталып отыр", - деді ішкі істер министрдің бірінші орынбасары.

Қожаев министрлік бұл заң бұзушылықтарды есепке алып, азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын сақтауын қадағалап отырғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel