RU
Актер Уилл Смит денсаулығына қатысты көпті алаңдатқан мәлімдеме жасады

Актер Уилл Смит денсаулығына қатысты көпті алаңдатқан мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

"Люди в черном", "Я - легенда", "Плохие парни" сынды елдің сүйіспеншілігіне бөленген фильмдерде басты рөлдерді сомдаған актер Уилл Смит көпшілік алдында денсаулыңының сыр бергенін ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Уилл Смит. Фото: instagram.com/willsmith

Уилл Смит. Фото: instagram.com/willsmith

51 жастағы америкалық актер, режиссер және хип-хоп орындаушы танымал The Ellen DeGeneres Show бағдарламасының эфирінде көпшіліктің мазасын қашырған мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, дәрігерлер медициналық тексеріс кезінде актерден қатерлі ісік алдындағы полипті анықтаған.

Әлемдік жұлдыздың айтуынша, ол 50 жасқа толған кезде мамандар клиникаға жүйелі түрде барып, диагностикалық процедуралардан өтуге кеңес берген.

Дәл осы қабылдаулардың бірінде актерден қатерлі ісік алдындағы полип анықталып, ол одан әрі қарай қауіпті ісікке айналып кетуі мүмкін болған.

Осыдан кейін Уилл полипті алып тастау үшін жедел ота жасатыпты.

Актер бұл жаңалықтың өзін қатты таңырқатқанын мойындады. Ол осы уақыт аралығында денсаулығы мен өмірі үшін қатты алаңдаған.

Смиттің айтуынша, бір кездері оның тіпті күлуге де шамасы келмей қалған екен.

Танымал фильмдердің басты кейіпкері жанкүйерлеріне өз денсаулықтары ұмытпай, үнемі тексерістен өтіп тұруға кеңес берді. Актердің сөзінше, егер ауруды басталып келе жатқан кезеңде анықтаса, оны толық емдеп-жазуға да мүмкіндік көбірек болады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel