RU
Алматылықтар ЖЭС-тің қаланы қалай "өлтіріп" жатқанын видеоға түсірді

Алматылықтар ЖЭС-тің қаланы қалай "өлтіріп" жатқанын видеоға түсірді

Рассказать Вконтакте

Алматылықтар жылу электр станциясының атмосфераға шығарған қалдықтарын видеоға түсіріп алды. Ролик тек ұялы телефонмен ғана емес, квадрокоптер арқылы түсіріліп, алматылық ауаның мүшкіл халін ашып көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтар ЖЭС-тің қаланы қалай өлтіріп жатқанын видеоға түсіріп алды

Фото: Искандер Нарымбетов / Facebook, Nurzhan Adilovich / Facebook

Видео Instagram-дағы View Almaty аккаунтында жарияланды. Жазба астында ЖЭС маңайында тұрып жатқан отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана беріліп жатқаны айтылды.

Автор басқа мемлекеттерде ЖЭС-тің ауаны ластайтын көмірмен емес, газбен жұмыс істейтінін атап өтті.

Weather.com сайтында бүгінгі таңдағы тұманның жағдайы көрсетілді. Негізгі ластағыш зат ең жоғарғы - 467 белгісіне жетті.

Бұл зиянды шарттардан хабар береді. Ауа ластануының жалпы көрсеткіші 218, яғни, жоғарғы деңгейге жақын тұр.

Алматылықтар қаланы қалай өлтіріп жатқанын видеоға түсіріп алды

Фото: weather.com сайтынан скриншот

Сонымен қатар, тұман жергілікті тұрғындар үшін қалыпты жағдай болып барады. Күн суығанда бұл мәселе күрт өседі.

Бұған дейін экологтар тұманның кесірінен қала тұрғындарының иммунитеті төмендейтінін айтқан еді. Желіде алматылықтар демалатын ауаның жоқ екеніне, жөтелдің тоқтамай жүргеніне шамданды.
Алматылықтар қаланы қалай өлтіріп жатқанын видеоға түсіріп алды

Фото: Aidar Wawawiwa / Facebook

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек қала төмен орналасқандықтан әрдайым тұманның болатынын сөз еткен.

Ол атмосфераға тасталып жатқан қоқыстардың 27 пайызы ЖЭС-ке тиесілі екенін және жақында жаңа ЖЭС салу немесе қолданыстағы құрылысты қайта құру туралы шешім қабылданатынын айтты.

Алматылықтар қаланы қалай өлтіріп жатқанын видеоға түсіріп алды

Фото: Искандер Нарымбетов / Facebook

Сағынтаев ЖЭО-2 жұмысын реформалау нұсқаларын қарастыруды биылғы жылдың жазында энергия тиімділігін мен инфрақұрылымды дамыту басқармасына тапсырды.

Алматылықтар қаланы қалай өлтіріп жатқанын видеоға түсіріп алды

Фото: Салтанат Мурзалинова-Яковлева / Facebook

Осы жылдың тамызында әкім Әуезов ауданының тұрғындарымен кездескен кезде жас бала Сағынтаевқа ЖЭС-ті газға ауыстыруды ұсынды.

Алматылықтар қаланы қалай өлтіріп жатқанын видеоға түсіріп алды

Фото: Nurzhan Adilovich / Facebook

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel