RU

9 айлық сәбидің тамағынан бөгде зат алып шыққан дәрігерлер таңдай қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Австралиялық Голд Кост қаласында 9 айлық сәби 2 апта бойы қызуы көтеріліп, жөтеліп ауырды. Көп ұзамай дәрігерлер бүлдіршіннің тамағына әлдененің тұрып қалғанын анықтаған. Аталған жағдай Medical Journal журналында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ passion.ru сайтына сілтеме жасап.

9 айлық сәбидің тамағынан бөгде зат алып шыққан дәрігерлер таңдай қақты

Көрнекі фото: pixabay.com

Есімі жасырын болып қалған бүлдіршін тұншығып, аузынан қан аққандықтан Голд Кост қаласының ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер сәбидің денсаулығынан кінәрат таппай, оны жай ғана сілекейіне тұншығып қалды деген оймен, үйіне жібере салған. Бұл жолы оған капиллярлық бронхит диагнозы қойылып, үш күннен кейін үйге жіберілді. Алайда, 6 күн өткен соң нәресте қайтадан ауруханаға дәл осындай белгілермен жеткізілді.

Сол кезде дәрігерлер қыздың мойнына компьютерлік томографияға түсіруді шешті. Ақ халаттылар суреттен нәрестенің тыныс алу жолдарында бес бұрышты бөгде заттың пайда болғанын көрген.

Дәрігерлер қызға шұғыл түрде ота жасауға бел буған, олар іріңді шығарып, тамаққа тқрып қалған затты кесіп тастауды шешті. Анықталғандай бөде зат - пластикалық жұлдыз ойыншығы болып шыққан. Қуанышқа орай, отадан кейін сәби тез сауығып, бірнеше күннен кейін үйге жіберілді. Дәрігерлер жаңа жыл қарсаңында ата-аналарға аса мұқият болуға шақырды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
9 айлық сәбидің тамағынан бөгде зат алып шыққан дәрігерлер таңдай қақты
Mailfire view pixel