RU

Президент «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

ауылл

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Әли Бектаев партия мүшелерінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Президенттік кадр резервін құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларды толық қолдайтыны айтты.

Сондай-ақ, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, Әли Бектаев бұл саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Партия басшысы Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру туралы тапсырмаларының өте өзекті екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысына «Ауыл» партиясының ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, шалғай елді мекендерді өркендету мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан президентіне мұнай компаниясының 2019 жылы Қазақстанда атқарған жұмыстарының есебі берілді. Сондай-ақ Вагит Алекперов «Жеңіс» және «I-P-2» теңіз жобаларын жүзеге асырудың қазіргі ахуалы мен перспективалары туралы баяндады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады
Mailfire view pixel