Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Татарстанда жаңа пәтер сатып алған отбасы артынша сан соғып қалды

Опубликовано:

Набережные Челныдан шыққан отбасы қиын жағдайға тап болғанын сөз етті. Кәмелетке толмаған екі баласы бар ерлі-зайыптылар пәтер сатып алған, алайда қазір психикалық ауытқуы бар әйелмен пәтерді бөлісуге міндетті деп жазады KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Пәтер сатып алған отбасы сот алдына келген
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ольга Галимзянова бұқаралық ақпарат құралдарына 2016 жылы күйеуі екеуі пәтер сатып алғанын алға тартты.

Сөзінше, пәтерді өзінің және үлкен әпкесінің атынан белгісіз әйел адам сатыпты.

Оның үстіне барлық рәсімдеу заңды түрде іске асқан. Әйел адам әпкесінің қалада болмағанына байланысты кездесуге қатыспады деп түсіндіріпті.

Осылайша үй сәтті сатып алынады. Отбасы жаңа пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жайбарақат өмір сүріп жатқан. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін оларға соттан шақырту келеді.

Анықталғандай, үйді сатқан әйелдің әпкесі келісімге қатысты дау шығарған. Ол үйін сатуға келісім берген кезде өзінің іс-әрекетіне есеп бермегенін айтады.

Сөзінше, ол психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғандықтан өзі тұратын жалғыз үйін сатуға келіскен.

Медициналық сараптама әйел адамның ауыратынын растаған және сот заңды түрде куәландырылған сенімхатты жарамсыз деп тапты.

Тиісінше, іс-әрекетке қабілетсіз әйел адамға мүліктік құқықты қайтару үшін сот пәтердің жартысын оған беруге шешім қабылдады.

Отбасы пәтерді сатқан әйелдің алаяқ екенін айтып, полицияға жүгінді. Алайда олар қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831445-pter-satyp-algan-otbasy-artynsa-san-sogyp-kaldy/

pixel