Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңдасын Оразалин «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді

Опубликовано:

10 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс әкімі Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Оңдасын оразалин «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі: Facebook

Өңір басшысының қабылдауына Ақтөбе қаласынан Меруеш Оразғалиева мен Әлима Әбдірова жеке бастарының мәселесімен емес, Тургенов көшесі тұрғындарының өтініштерін жеткізуге арнайы келген.

Оңдасын оразалин «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі: Facebook

Олар өздері тұрып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің ауласын ретке келтіріп, балалар ойнайтын алаңша салуды, абаттандыру қажеттігін айтты. Аймақ басшысы аталған мәселенің оң шешім табатындығын жеткізді. Қала әкімі Мавр Абдуллинге уақыт созбай, тұрғындардың өтініштерін ыждағаттап шешуді тапсырды.

Оңдасын оразалин «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі: Facebook

Сондай-ақ баспана мәселесімен келген жалғыз басты ана Әсемгүл Ибраимова өңір басшысына жастайынан ата-анасыз қалғанын, қазір көмекке мұқтаж екендігін жеткізді. Толық емес отбасы санатына жататындықтан мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы тұрғын үйге қол жеткізетін болады. Ал, бағдарлама шарты бойынша төленетін бірінші жарна қаражатын қала әкімдігі төлеуге уәде берді.

«Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың баспаналы болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Әлеуметтік аз қамтылған азамттарды қолдау мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» атты жаңа бір бағыт жүзеге асып келеді. Өңірде осы жоба аясында көптеген отбасы баспаналы болуда»-деп атап өтті облыс әкімі.
Оңдасын оразалин «Nur Otan» партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі: Facebook

Қала тұрғыны 80 жастағы қария Қуандық Сүйеуов облыс басшысына Шанхай ауданы тұрғындарының атынан алғысын жеткізді. Зейнеткер жатақханалардағы тозығы жеткен кәріз жүйесінің ауыстырылуына ықпал еткен өңір басшысына ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, облыс басшысы жұмысқа орналасу, несиелік берешектерін өтей алмай тығырықтан шығуына көмек сұраған азаматтардың сауалдарына нақты жауап берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1831449-odasyn-orazalin-nur-otan-partiasynda-trgyndarmen-kogamdyk-kabyldau-tkizdi/

pixel