RU

Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында ереже бұзған қоян видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтан қаласындағы көшелердің бірінде көліктердің алдына түсіп алып, жүгіріп бара жатқан қоян видеоға түсіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram.com/yakovfedorov
Фото: Instagram.com/yakovfedorov: Instagram

Жол қозғалысына "қатысқан" қоян қазақстандық блогерлердің бірінің телефонына түсірілген.

"Астанада қоян жүгіріп барады. Мұндайды енді қашан көруге болады?", - деді таңданысын жасырмаған куәгер.

Желідегілер пікірлерімен бөлісіп, желтоқсан айында астана көшелерінде жүрген "құлақты" жануардың қайдан келгенін анықтай бастады.

Кейбір оқырмандар ереже бұзушы біреудің үйінен қашып кеткен болуы мүмкін деп топшылады.

Осы сәтте оқырмандардың бұл "ерекше кездесу" қаланың қай бөлігінде болған деген сауалына куәгер "Астана Опера" ғимаратының маңында деп жауап берген.

Ал енді бір пікір қалдырушылар тобы бұрындары қала ішінен өздерінің де қояндарды кезіктіргенін жазды. Мұндай оқиға көбінесе "Пирамида" маңында жиірек болады екен.

Тағы бір желі қолданушылары секірген қоянды ұлттық валютамен салыстырып, қалжыңдай бастады.

Осыдан екі жыл бұрын елордалық орманшылар аймақта қояндардың санын көтеру тақырыбын қозғаған болатын.

Сол кезде Қазақстанның табиғатты қорғау ведомствосы олардың Нұр-Сұлтан маңындағы "жасыл аймақтың" бір бөлігін жеп қойғанын хабарлаған.

Айта кету керек, қала аумағында және оған іргелес жерлерде аң аулауға заңмен тыйым салынған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831452-nr-sltanda-kseni-kak-ortasynda-ereze-bzgan-koan-videoga-tsip-kaldy.html