Выйти
RU

Алматыда танымал режиссердің үйін тонап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда танымал кинорежиссердің үйін тонаған ұры ұсталды. Криминалды полицияның дерегінше, қарақшы ұрлыққа күндіз түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД

Фото: Алматы қаласы ПД

Оңай олжаға кенелгісі келген ол үйде ешкім жоқ болған сәтті күтіп, сыртқы есік құлпына кілтті таңдау арқылы ішке кірген.

Қаскөй режиссердің кино өндірісінде пайдаланған қымбат техникасын ұрлап кетіпті.

"Ол алдын-ала келтірілген шығын көлемін екі жарым миллион теңгеге бағалады. Аталған қылмысты ашу мақсатымен жедел-тергеу тобы құрылды. Тез арада күдіктінің кім екені анықталып, бірнеше күн өткеннен кейін біз оны ұстадық.

Алматы облысы, Талғар қаласының тұрғыны бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде мүліктік қылмыстары да бар.

Сонымен бірге жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қылмыстық жолмен алынған техниканы 200 мың теңгеге сатқаны анықталды.
Қазір заттай айғақтар алынып, жақын уақытта шынайы егесіне қайтарылатын болады", - деді Алматы қаласы ПД криминалды полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда танымал режиссердің үйін тонап кетті
Mailfire view pixel