RU
Әнші мен коп: Америкада қазақтың қос Димашы кездесті (фото)

Әнші мен коп: Америкада қазақтың қос Димашы кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Америкада Димаш Құдайберген мен Димаш Ниязов кездесті. Әнші мен коп Нью-Йоркте жолыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/dimash.niyazov

Фото: instagram.com/dimash.niyazov

Екі танымал Димаштың Нью-Йоркте кездескені туралы ақпаратты Ниязов өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған.

Нью-Йорктің ең үздік полицейі атанған Қазақстан тумасы әншіні Американың ең ірі қалаларының бірінде өткен алғашқы жеке кешімен құттықтаған.

Қазақстанда да, АҚШ-та да танымал болған екі жігіттің суретін көрген желі қолданушылары қатты қуанды.

"Екі Димаш - бұл күш!, "Жарайсыңдар жігіттер, Қазақстанның атын шығардыңдар!", "Қазір тоқтай тұрыңдар, тілегімді айтып алайын", "Екі Димаш - бұл тарих", - деп жазды оқырмандар.

Еске сала кетсек, күні кеше АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында әлемдік жұлдыз, қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке ән кеші өткен болатын.

Оның "Barclays Center" аренасында өткен "Arnau tour ENVOY" деп аталатын шоу концертіне ғаламшардың түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналған.

Концерт барысында Димаш қазақ, ағылшын, орыс, француз, қытай тілдерінде ән шырқады.

Айта кетсек, бұл аренада Майкл Джексон, Элвис Пресли, Мадонна, Уитни Хьюстон, Джон Леннон, Элтон Джон сынды таңдаулы әлемдік жұлдыздар ғана өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel