Выйти
RU

Сириядан оралған 14 қазақстандық азаматқа елордада сот үкімі оқылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ел астанасында Сириядан қайтқандарға қатысты сот шешімі шығарылды. Олар террористік ұйымдарға, сонымен қатар бірнеше ауыр қылмыстарға қатысқаны үшін айыпталған. Сот оларды кінәлі деп тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Жания Уранкаева

Фото: Sputnik / Жания Уранкаева

Мемлекеттік айыптаушы айыптау нұсқасы бойынша ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғандарды 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Нәтижесінде Сириядан оралған ер адамдар 8 жылдан 14 жылға дейін колонияға қамалды. Үкім оқылғандар арасында бірде-бір ақталған адам жоқ.

Сонымен ең жеңіл үкімді 29, 27, 34, 33 жастағы төрт қазақстандық алды. Сот олардың террористік ұйымдарға қатысқан кінәсі ғана анықталған деп есептеді. Осы үшін олар 8 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Соғыс алаңынан оралған тағы бес адам 11 жылға колонияға жабылды. Олар террористік ұйымдарға қатысқаны үшін ғана емес, діни алауыздық тудырғандары үшін де айыпты деп танылды.

Ең ауыр жазаны 41 жастағы ер адам алды. Ол террористік ұйымға жетекшілік еткендіктен, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген.

Сондай-ақ, тағы 50 жастағы қазақстандық 13 жылға түрмеге тоғытылды. Ол алты бап бойынша, яғни террористік ұйымға қатысу, тонау, бас бостандығынан айырған жерден қашу, терроризмді насихаттау және бірнеше ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Дәл осындай қылмысы үшін 33 жастағы ер адамға да үкім шықты. Сонымен қатар ол жалған ақша дайындады деп айыпталған. Ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалған айыпталушылар да алдағы 9-10 жылын колонияда өткізеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сириядан оралған 14 қазақстандық азаматқа елордада сот үкімі оқылды
Mailfire view pixel