RU
Тоқаев Ерболат Досаев пен Анар Жайылғанованы қабылдады

Тоқаев Ерболат Досаев пен Анар Жайылғанованы қабылдады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаев пен Анар Жайылғанованы қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: twitter.com/TokayevKZ

Фото: twitter.com/TokayevKZ

Кездесу барысынла Ұлттық банк төрағасы президентке жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының 2019 жылдың 11 айындағы қорытындылары, инфляция динамикасы, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің ахуалы туралы баяндаған.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияға байланысты болжамдарды, 2020 жылға арналған ішкі жалпы өнімнің өсуі және төлем балансының ағымдағы шоты бойынша жорамалдарды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бірқатар тапсырма берді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекет басшысына "Президенттік кадр резервінің" 4-кезеңінің қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Атап айтқанда, Анар Жайылғанова өткен кезеңнің негізгі критерийлері мен талаптары, сарапшылар комиссиясының құрамы жайында айтты. Оның сөзінше, үміткерлермен әңгімелесу әділ әрі конкурс ережесіне сай өткен.

Президент ақтық кезеңнің барынша ашық өтуін қамтамасыз етуді және ең лайықты үміткерлерді іріктеп алуды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel