RU

42 млн теңге: Он тоғыз жастағы қыз пәктігін не үшін сататынын айтып берді

19 жастағы украиналық Екатерина өз пәктігін ақшаға сатқысы келетінін айтып, хабарландыру жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видео © Telegram / "Украина в шоке"
Видео © Telegram / "Украина в шоке": Getty Images

Екатерина хабарландыруды арнайы Cinderella Escorts cайтында жариялады.

Пәктігін қаржыға айырбастағысы келген сұлу бұл әрекетке не итермелегенін айтып, видео түсірген.

Бойжеткеннің сөзінше, оның есімі Катя. Ару Украинада дүниеге келген, қазір АҚШ-та өмір сүреді. Ағылшын, украин тілін біледі және аздап орыс тілінде сөйлейді. Ал ақша оған жақсы өмір сүру қажет.

"Саяхаттағым келеді, өз өміріммен жүріп, бақытты болғым келеді. Бұл менің денем және менің таңдауым",- деді ол.

Сонымен қатар, бойжеткен өзінің талдырмаш мүсінін көрсету үшін бірнеше ашық-шашық суреттерін жүктеген.

Фото © Telegram / "Украина в шоке"
Фото © Telegram / "Украина в шоке": Facebook

Катяның талаптары азғантай ғана. Ол қыздық пердесін аз дегенде 100 мың еуроға (42 млн теңге) бағалап отыр. Ал әрі қарай саудаласуға болады. Сонымен қатар, украиналық қыз өзіне ай сайын 10 мың еуро беріп тұратын серіні іздейді.

Айта кетейік, Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған аруды алып қашқан жігіттер ұсталды.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, колледж студентін ұрлап кеткені туралы хабарлама 2 желтоқсанда кезекші бөлімге түскен.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831503-42-mln-tege-on-togyz-zastagy-kyz-pktigin-ne-sin-satatynyn-ajtyp-berdi.html