RU

"Талқылау бос әурешілік": Асхат Садырбай Димаштың жетістігі туралы жазды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай Нью-Йоркте концерт беріп, күллі әлемді ғажайып даусымен таңғалдырып жүрген Димаш Құдайбергенге қатысты бар ойын айтты. Ол талантты әншінің өнердегі ерен еңбегіне жоғары баға беріп, оның әрбір жетістігін барша қазақ халқы мақтан тұтатынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Асхат Садырбай қазақ атын ғаламшар жұртшылығына танытып жүрген Димаш жайлы жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Димаштың бұл концерті өте үлкен жетістік! Біздің тарихымыздағы өнер саласындағы айтулы оқиға, сәт. Бұл жетістікті талқылау, келісу немесе келіспеу бос әурешілік.

Димашқа Құдай сондай талант пен мүмкіндікті берген, мойындау керек. Ондай бақ жұрттың бәріне бұйыра бермейді. Одан соң бұл қазақ баласының таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында келген жеңіс.

Бұл алдымен Димаштың, одан соң біздің өнер саласындағы жеткен жетістігіміз деп мақтануға тұрарлық жетістік.
Бірақ біз міне біз осындай таланттымыз деп, бүкіл жүкті Димашқа артып қойып қарап отырмауымыз керек. Біздің арамыздан басқа да салалардан әлемді мойындататын осындай үздіктер шығуы керек" , - деп жазды Садырбай.

Журналистің бұл пікіріне желі қолданушылары қосылып, Димашты "Алланың берген сыйына" теңеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Талқылау бос әурешілік": Асхат Садырбай Димаштың жетістігі туралы жазды
Mailfire view pixel