RU

Жеткіншек компьютерлік ойын ойнауға бөгет жасаған әкесін пышақтап өлтірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таиландтың Сураттхани қаласында жасөспірім компьютерлік ойын ойнауға бөгет жасаған әкесін пышақтап өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: thesun.co.uk/Viral Press

Фото: thesun.co.uk/Viral Press

Оқиға 7 желтоқсанда орын алды. Жасөспірімнің әкесі 51 жастағы полиция сержанты Анувата Чойбэнгдью баласынан компьютерлік ойын ойнауын тоқтатуды сұраған. Сол кезде 17 жастағы Панварат әкесінің арқасына пышақ сұққан.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері өз әріптестерін қансырап жатқан жерінен тапты. Болжам бойынша, ол аулада пышақталған. Содан кейін өз бетімен ас үйге дейін жеткен көрінеді. Себебі ондағы кафельдің үстінен қанның іздері табылған.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, алайда, дәрігерлердің оны аман алып қалуға мүмкіндігі болмады.

Жеткіншек мотоциклға отырып, оқиға орнынан ізін жасырған. Полицейлер оны жақын маңдағы интернет-кафеден ұстап, кісі өлтіру бойынша күдікпен қамауға алды. Ең қызығы, ол сол сәтте де түк болмағандай, досымен бірге компьютерлік ойын ойнап отырған.

Отбасы мүшелері жасөспірімнің түні бойы компьютерлік ойын ойнауды әдетке айналдырғанын, ал күндіз ұйықтайтынын жеткізді. Жақында ол сабаққа жиі бармауына байланысты мектептен шығарылған екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жеткіншек компьютерлік ойын ойнауға бөгет жасаған әкесін пышақтап өлтірді
Mailfire view pixel